06.06.2026, 20:30

Өскеменде дүкендердің бірінің жанынан әйелдің денесі табылды

Фото: Zakon.kz

Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.

 Өскемен қаласында сауда үйінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.

Облыстық полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасынан белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына қалалық полиция бөлімінің тергеу тобы жіберілді.

"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Әйелдің нақты көз жұму себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.