$ 487.44  567.38  6.62

Елордада 4 жасар бүлдіршін терезеден құлап мерт болды

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада төрт жастағы бүлдіршін терезеден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елорда полициясы Сарайшық көшесіндегі 7/1 мекенжайында болған қайғылы жағдайға қатысты ақпаратты растады. Мәліметке сәйкес, төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Баланың терезеден құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0