$ 490.21  566.93  6.81

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам ажал құшты

Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында тіркелген. Алдын

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қостанай облысында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар үш адам түрлі дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінді.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықпен жүруге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0