$ 490.21  566.93  6.81

Астанада ер адам 9 жасар мектеп оқушысын ұрлап кетпек болды (ВИДЕО)

Оқиға 5 маусым күні болған. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Сарайшық ауданындағы мектептердің бірінің маңында ер адам кәмелетке толмаған баланы алып кетпек болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 5 маусым күні болған. Белгісіз азамат 9-11 жас шамасындағы баланы қоршаулар арасына қарай алып кеткен. Алайда оның әрекетін көшеден өтіп бара жатқан адамдар байқап қалып, баланы құтқарып қалған. Кейін олар полиция шақырған.

Оқиға орнында түсірілген видеода бала болған жағдайды қысқаша баяндаған.

«Қысқасы, бір ағай мені ұрлап кетті», – дейді ол бейнежазбада.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, 56 жастағы ер адамды ұстаған. Ол аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Баланың заңды өкілі арыз жазудан бас тартқанымен, ер адамның әрекетіне заң аясында тиісті құқықтық баға берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0