$ 488.59  564.37  6.79

Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің жаңа кадрлары тарады

Онда курьердің нәрестесін көтеріп жүріп тапсырыс жеткізіп жүргені байқалады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желілерде сәбиін құшағына алып жұмыс істеп жүрген әйел-курьердің суреті қызу талқыланған болатын. Қазақстандықтар жас ананы тауып, оған көмек көрсеткісі келген еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Енді әйелдің Алматыда түсірілген жаңа бейнекадрлары пайда болды. Онда курьердің нәрестесін көтеріп жүріп тапсырыс жеткізіп жүргені байқалады. Кадрларды ZTB Қазақстан инстаграм парақшасы бөлісті. 

Осы жағдайға қатысты журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдан пікір сұраған. Алайда ол нақты баға беруден бас тартып, фотодағы әйел туралы ешқандай мәлімет білмейтінін айтты.

«Бұл – отбасы бюджеті мен отбасылық қарым-қатынасқа қатысты мәселе», – деді вице-министр.

Айта кетейік, сәбиін көтеріп жұмысқа шыққан әйелдің фотосы бұған дейін қазақстандықтардың жүрегін елжіретіп, қоғамда қызу пікірталас туғызған болатын. Көпшілік оның жағдайына алаңдап, қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0