$ 488.59  564.37  6.79

Антальяда ішінде 267 жолаушысы бар алып ұшақ радарға соғылды

Ыстамбұл - Анталья бағытында рейс орындаған Boeing 777 ұшағы әуежайға сәтті қонған.

Фото: depositsphotos
Фото: depositsphotos

Анталья әуежайына қонған Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы тұраққа қарай бет алу кезінде радиолокациялық радар мұнарасына соғылып, зақымданды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Hurriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ыстамбұл - Анталья бағытында рейс орындаған Boeing 777 ұшағы әуежайға сәтті қонған. Алайда тұрақ орнына қарай бағытталатын жолақпен келе жатып, басқарудан жаңылысып, қате бағытқа бұрылып кеткен.

Осы әрекеттің салдарынан ұшақ  әуе қозғалысын басқару жүйесіне тиесілі радар мұнарасына соғылды. Turkish Airlines компаниясының мәлімдеуінше, бортында 267 жолаушы болған ұшақ ішіндегі адамдардың барлығы дереу эвакуацияланды.

Оқиға салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алған. Соққыдан ұшақ пен радиолокациялық мұнараға зақым келді. Төтенше жағдайға қарамастан, Анталья әуежайы қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1