Бұл туралы Olympic.kz мәлімдеді.
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті, атақты боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласына келді. Ол Халықаралық бокс даңқы залына қабылдау рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Olympic.kz мәлімдеді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына қабылданған Қазақстан тарихындағы алғашқы өкіл атанбақ. Бұл – отандық кәсіпқой бокс тарихындағы маңызды жетістік.
Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда қазақстандық бокс аңызының жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба таратып жатқан сәттері көрсетілген.
Геннадий Головкин – орта салмақтағы әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, кәсіби бокстың ең танымал спортшыларының бірі. Оның Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануы Қазақстан боксының әлемдік деңгейдегі беделін тағы бір мәрте айқындай түсті.