Республика бойынша жел екпін алады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы жексенбі, 2026 жылғы 14 маусымға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК ұсынған деректері бойынша, күндіз мына өңірлерде аптап ыстық болады (+35...+38°С): Шығыс Қазақстан облысында,
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ түседі, еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел екпін алады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады", делінген болжамда.
Сондай-ақ аптап ыстыққа байланысты бірқатар елдімекендерде жоғары және төтенше өрт қаупі күшеюі мүмкін екені де нақтыланады: