Головкин 2026 жылғы Даңқ залына енгізілген бес боксшының қатарынан орын алды.
Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанды. Салтанатты рәсім 14 маусымда АҚШ-тың Канастота қаласында өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Головкин 2026 жылғы Даңқ залына енгізілген бес боксшының қатарынан орын алды. Онымен бірге бұл мәртебеге америкалық бұрынғы әлем чемпионы Антонио Тарвер, британдық Найджел Бенн, жапониялық Наоко Фудзиока және мексикалық Джеки Нава енді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби мансабын 2022 жылы аяқтаған. Кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Екі рет жеңіліс тапса, бір кездесу тең аяқталды.
Головкин орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді иеленіп, ұзақ жылдар бойы әлемнің ең үздік боксшыларының бірі саналды.
Ол Даңқ залының «Заманауи боксшылар» санатына енгізілді. Бұл тізімде бұған дейін Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Эвандер Холифилд, сондай-ақ ағайынды Виталий Кличко мен Владимир Кличко бар.
Қазіргі таңда Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы қызметтерін атқарып келеді.