$ 489.33  566.3  6.74

«Бір сәтсіздікке бола...»: Бас бапкердің көмекшісі Анарбековты даттағандарға жазба жариялады

Сондай-ақ ол Анарбековтің Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сейвтер саны бойынша үздіктер қатарынан көрінгенін атап өтті.

Фото: Instagram/anarbekov_temirlan77
Фото: Instagram/anarbekov_temirlan77

Елдос Ахметов бүгінгі матчтан кейін қақпашы Темірлан Анарбековті сынауға асықпауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, футболда қателеспейтін ойыншы болмайды, ал қақпашының әрбір қателігі өзгелерге қарағанда анық байқалады.

«Бір сәттік сәтсіздікке бола ойыншының команда үшін атқарған еңбегін ұмытып кетуге болмайды. Кеше ғана Темірлан Анарбеков “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы тарихи жетістіктеріне үлес қосқан негізгі футболшылардың бірі болды. Оның шешуші сейвтері мен сенімді ойыны командаға қиын сәттерден шығуға көмектесті», – деді Елдос Ахметов.

Сондай-ақ ол Анарбековтің Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде сейвтер саны бойынша үздіктер қатарынан көрінгенін атап өтті.

Журналист жанкүйерлерді ойыншыны қиын сәтте де қолдауға шақырып, бүгінгі қателіктің орнын ертең дәл сол футболшы толтыра алатынын айтты.

«Нағыз жанкүйер командасын да, ойыншысын да тек жеңіс кезінде емес, қиын уақытта да қолдай білуі керек», – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0