$ 486.47  554.77  6.26

Атырауда бес қабатты үйдің жанындағы құрылыс тұрғындар өміріне қауіп төндіруде

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Атырау қаласының Авангард 3-шағын ауданындағы №42 көпқабатты тұрғын үйдің жанында орналасқан жапсарлас құрылыс (пристройка) жергілікті халықтың үрейін ұшырып отыр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, бұл нысанның қабырғаларында үлкен жарықтар пайда болып, желдеткіш жүйелері бос қалып, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Оған қоса, нысанның айналасы қоқысқа толып, антисанитариялық жағдай қалыптасқан. Қауіпті аймақта күнделікті балалар ойнап, жүздеген адам өтетіндіктен, тұрғындар қалалық әкімдік пен тұрғын үй инспекциясынан бұл нысанның заңдылығын шұғыл тексеруді талап етуде. Құзырлы органдар қайғылы жағдай орын алмай тұрып, нысан иесін анықтап, қауіпті сейілтуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0