$ 486.47  554.77  6.26

Өскемен әкімдігі салғырт қараған: қалалық бизнес мүгедектігі бар жандарды неге елемейді?

Биік әрі тік баспалдақтар тек мүгедектігі бар жандарға емес, бала арбасын сүйреткен аналар мен қарттарға да үлкен кедергі болып тұр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Өскемендегі бірқатар сұлулық салондары мен коммерциялық нысандардың кіреберісінде пандустар мен көтергіштердің атымен жоқтығы тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Биік әрі тік баспалдақтар тек мүгедектігі бар жандарға емес, бала арбасын сүйреткен аналар мен қарттарға да үлкен кедергі болып тұр. Нысан иелері мен жалға алушылар «бұл біздің шаруамыз емес» деп, жауапкершілікті бір-біріне сілтеп, заң талаптарын айналып өтуде. Алайда, заң бойынша елдегі кез келген кәсіпкерлік нысан мұндай қолжетімділік стандарттарын орындауға міндетті. Қала белсенділері Өскемен әкімдігінен бұл бассыздықты тез арада тексеріп, кәсіпкерлерді заңға бағындыруды талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0