$ 480.72  548.07  6.14

Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ аударылып, ер адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы Өскемен – Риддер тасжолының 42-шақырымында болған.

 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы адам өліміне әкелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Өскемен – Риддер тасжолының 42-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 59 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ көлігі аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінде болған жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалған. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0