$ 479.26  546.21  6.13

Шымкентте жарық жиі өшкендіктен бағдаршам істемей, жол апаты көбеюде

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шымкентте соңғы уақытта жарықтың жиі өшуі қалыпты жағдайға айналып, тұрғындардың ашу-ызасын тудыруда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Электр қуатының үзілуі салдарынан көшелердегі бағдаршамдар істен шығып, жол қозғалысы ретсіздікке ұласып жатыр. Жарықсыз қалған қиылыстарда көлік апаттары жиілеп, адам өміріне тікелей қауіп төнді. Қалалық әкімдік пен жауапты қызметтер бұл жүйелі мәселені дер кезінде шешудің орнына, халықтың шағымына құлақ аспай, дәрменсіздік танытуда.

Желі қолданушылары жүргізушілердің де ереже сақтамайтынын айтып, басты жол белгісіне қарауды ескерткенімен, басты кінә - инфрақұрылымды реттей алмаған жергілікті билікте. Шымкент әкімдігі бұл бассыздықты қашанғы бақылаусыз қалдырмақ?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0