$ 479.26  546.21  6.13

Атақты ақынның атындағы көшеде асфальт жоқ: Бейнеу халқы кімнен жауап күтеді?

Тұрғындар Бейнеу ауданы әкімдігінен құр уәдені емес, нақты істі талап етеді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы белгілі тұлға Қашаған Күржіманұлының есімі берілген көшенің сиқы тұрғындардың ашуын туғызып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көшеде асфальттың атымен жоқтығынан, жаңбыр жауса халық батпақ кешіп, қыста қар ерігенде жүру мүмкін болмай қалады. Жергілікті жұрттың айтуынша, бұған дейін де әкімдікке мәселе айтылғанымен, ешқандай нәтиже де, нақты жауап та болмаған. Көшенің басына ғана төселген асфальттың ортасына қашан жететіні белгісіз.

Тұрғындар Бейнеу ауданы әкімдігінен құр уәдені емес, нақты істі талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0