$ 479.26  546.21  6.13

Мас күйде болған: СҚО-да жол апатына түскен жолаушы жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастаған

Медициналық қызметкерге шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болған жерде жолаушы жедел жәрдеммен келген медбикеге шабуыл жасап, оны ұрып соққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол апаты Солтүстік Қазақстан облысында Чудесай өзені маңында болған. Lada көлігі жолдан шығып, аударылып қалған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен.

Медициналық көмек көрсету барысында көліктегі жолаушылардың бірі агрессивті мінез көрсеткен. Полиция мәліметінше, 62 жастағы ер адам мас күйінде 37 жастағы медбикені аяқ-қолынан және іш тұсынан ұра бастаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық қызметкерге шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қатаңдатылған.

Сондай-ақ көліктегі үш адамның да мас күйде болғаны анықталды. 52 жастағы жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0