$ 479.26  546.21  6.13

Уәдеге тойған Ақтөбе халқы: әкімдік бір тротуарды жөндеуге бір жылдан бері қауқарсыз

Әкімдіктің күнделікті мәселелерді шешудегі шабандығы Ақтөбедегі инфрақұрылымның нақты сиқын көрсетіп берді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтөбедегі Колхоз базарының маңындағы қираған тротуардың жыры халықтың әбден шегіне жетті. Жергілікті тұрғындар шұңқырдан көз ашпайтын бұл қауіпті жолмен жүруден запы болғанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, жаяу жүргіншілер аймағының осындай мүшкіл күйде тұрғанына бір жылдан асқан. Ал қала әкімдігі болса, Уәлиханов көшесіне тек жыл соңына дейін 2,5 мың шаршы метр түрлі-түсті брусчатка төсейміз деп кезекті рет уәде беріп құтылды. Қарапайым халықтың қауіпсіздігін артқы шегеріп қойған өңір билігінің бұл салғырттығы мен жайбасарлығы тұрғындардың заңды наразылығын тудырып отыр. Әкімдіктің күнделікті мәселелерді шешудегі шабандығы Ақтөбедегі инфрақұрылымның нақты сиқын көрсетіп берді.

Видео: aktobe09

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0