$ 471.04  538.54  6.17

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық қыз көз жұмды

Қайғылы оқиға 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы автожолда болған.

Фото: bestsled
Фото: bestsled

Бурабайда квадроцикл тізгіндеген бойжеткен көлікті басқара алмай, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салдарынан 22 жастағы Астана тұрғыны оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы оқиға 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы автожолда болған.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, квадроциклді басқарған 2004 жылы туған қыз алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал оның жанында болған 2007 жылы туған Астана тұрғыны медициналық көмекке жүгінген.

Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында квадроциклдерді жалға беру пунктінің жұмысы, мототехниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қайғылы оқиғаға әсер етуі мүмкін өзге де себептер тексерілуде.

Полиция өңір тұрғындары мен демалушыларды квадроцикл мен басқа да мотокөліктерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандар жолға шығар алдында техниканың жарамдылығын тексеріп, міндетті түрде қорғаныс құралдарын киюге, жылдамдықты асырмауға және қауіпсіздік ережелерін елемеуге кеңес береді.

Еске салайық, бұған дейін Бурабайда квадроцикл ағашқа соғылып, тағы бір қыздың қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0