$ 471.04  538.54  6.17

«Тарақан қаптап кеткен»: Павлодарда пәтерден бір КамАЗ қоқыс шығарылды

Қоқысты шығару үшін пробация қызметі КамАЗ жүк көлігін ұсынды.

Фото: ЖИ
Фото: ЖИ

Павлодарда қарт анасы мен зейнеткер қызы тұратын пәтерден бір көлік қоқыс шығарылды. Көршілерінің айтуынша, тарақандар бүкіл көпқабатты үйге тарап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Жүргізілген жұмыстар барысында пәтерден жиналып қалған тұрмыстық қоқыс, ескі әрі пайдалануға жарамсыз жиһаздар, орындықтар, бүлінген кілемдер және тұрмыста қолданылмайтын, тұрғын үйдің кеңістігін алып жатқан өзге де заттар шығарылды», – деп мәлімдеді Отбасын қолдау орталығының өкілдері.

Қоқысты шығару үшін пробация қызметі КамАЗ жүк көлігін ұсынды. Сонымен қатар, егде жастағы әйелдің денсаулық жағдайын ескере отырып, мамандар оны қажетті медициналық көмек пен күтім алуы үшін емдеу мекемесіне жатқызуға жәрдем көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#қоқыс #КамАз