$ 469.59  536.22  5.96

«Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр

Фото: profit.kz
Фото: profit.kz

Астанада мердігер мекеменің кесірінен «Қазақтелекомның» бірден 25 кабелі істемей қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салдарынан елорданың бір бөлігі ғаламторсыз және байланыссыз отыр. Компания басшысы Бағдат Мусин оқиға үшін кешірім сұрағанымен, бұған жер қазған құрылысшыларды айыптады. Алайда ай сайын ақшасын төлеп отырған тұрғындар монополистің мұндай сылтауына ренішін білдіруде.

Басты желілердің бұлай оңай істен шығуы компания тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Қазіргі уақытта мамандар зақымдалған кабельдерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0