Жолаушылар ағаш қоршаудың ішінде сығылысып немесе контейнерлер арасындағы орындықтарда сағаттап отыруға мәжбүр.
Алматы теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан, жолаушыларға ешқандай элементарлы қолайлы жағдай жасалмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жолаушылар ағаш қоршаудың ішінде сығылысып немесе контейнерлер арасындағы орындықтарда сағаттап отыруға мәжбүр. Кішкентай баласы бар аналар мен жолаушылар аптап ыстықта вокзал перронында қиналғанын айтып, шағымдануда. Оның үстіне «жылдам жүретін» пойыздың өзі 2,5 сағатқа кешігіп, бұл туралы халыққа алдын ала ескерту жасалмаған. Вокзал әкімшілігі әр жарты сағат сайын радиодан пойыздың тағы да кешігетінін айтумен шектеліп, халықты сабырға шақырмаған.
Жөндеу жұмыстары жүргізілсе де, жолаушылардың азаматтық құқығы мен жайлылығы бірінші орында тұруы тиіс еді.