$ 469.59  536.22  5.96

Қазақстандық өнерпаздар "Славян базары" байқауында 2 бірдей жүлде жеңіп алды

Ақерке Амалят халықаралық байқаудың жеңімпазы атанса, Жасмина Түзелова екінші дәрежелі диплом иеленді.  

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV "Витебскідегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақерке Амалят "Витебск-2026" халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған байқауда ол 134 ұпай жинап, 19 елдің қатысушылары арасынан үздік атанды.

Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені 13 жастағы Жасмина Түзелова салды. Ол "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді.

Сонымен қатар жас өнерпаз авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатқа ие болды. Бұл марапатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс табыстады.

"Славян базары" халықаралық өнер фестивалі жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен келген талантты орындаушылардың басын қосатын беделді мәдени алаңдардың бірі саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0