Астанада 23 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Қазақстанның 16 облысында 23 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 23 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Қонаевта 23 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі. 23 шілдеде Алматы облысында өте қатты жаңбырдың болжануына байланысты Күнгей Алатауы және Теріскей Алатауы тауларында селдердің қалыптасу қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 23 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 23 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 23 шілдеде кей уақытарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 23 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 23 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбырдың болжануына байланысты Қазақстан беткейіндегі Алтай тауларында селдің қалыптасу қаупі бар.
Түнде және күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 23 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 23 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында нөсер жаңбырдың болжануына байланысты Жетісу Алатауы тауларында селдің қалыптасу қаупі бар.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда 23 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 23 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 22 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 23 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 23 шілдеде таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 23 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 23 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 23 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.