Көпшілік бұл бағытты «ҚазАвтоЖол» ақылы етсе де, алдымен сапалы жол салып беруін талап етеді.
«Құлсары – Ақтөбе – Қостанай – Көкшетау – Астана» тас жолының тозығы жетуі жүргізушілердің ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ойлы-ңқырлы жолда көлігін бұзып алған халық жолды жөндеудің орнына айыппұл салатын фиксация камераларының көбейгеніне шағымданды. Жүргізушілер шұңқыр айналып өткені үшін де тұтас сызықтан (сплошной) шықты деп айыппұл арқалайтындарын айтуда.
Көпшілік бұл бағытты «ҚазАвтоЖол» ақылы етсе де, алдымен сапалы жол салып беруін талап етеді. Тұрғындар тіпті сайлауда осы мәселені шешіп беретін кандидаттарға дауыс беруге дайын екендіктерін жазды. Желі қолданушылары «ҚазАвтоЖолдан» халықтан айыппұл жинауды емес, республикалық жолды ретке келтіруді талап етуде.