$ 467.65  533.26  5.96

Астанадағы Нұрлы жол вокзалының төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

Жағдай кешкі сағат 19:45 шамасында вокзал кешенінің үшінші қабатында болған.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында төбенің бір бөлігі құлап түскені түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан панорамалық терезенің маңында төбе жабындысының сынықтары еденге шашылып жатқанын көруге болады.

Оқиғаға қатысты «Қазақстан темір жолы» АҚ түсініктеме берді. Компанияның мәліметінше, жағдай кешкі сағат 19:45 шамасында вокзал кешенінің үшінші қабатында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, төбе жабындысының бүлінуіне нөсер кәрізі жүйесі құбырларының жалғанған тұсының зақымдануы себеп болған.

Оқиғадан кейін мамандар ақауды жедел жойып, құбырлардың қосылған жерлерін қалпына келтірген. Сонымен қатар зақымданған аумақ тазартылып, құрылыс қалдықтары шығарылған.

«Зақымданған учаске қызметкерлер тарапынан толық тазартылып, бөгде заттар сыртқа шығарылды», – деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0