Дегенмен бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.
Петропавлдағы бес қабатты тұрғын үйдің астын сүт түстес, белгісіз лас сұйықтық басып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, подъездерде ашыған сүт пен майдың өткір иісі қолқаны қабады. Ылғалдың салдарынан ғимараттың іргетасы біртіндеп мүжіліп, үйдің бұзылу қаупі төніп тұр. Халық бұл жағдайға жақын маңдағы май-сыр зауытын айыптап, өндіріс қалдықтарын кәрізге заңсыз ағызып отыр деп топшылайды. Дегенмен бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.
Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер мен құзырлы органдар оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.