$ 465.74  531.08  5.92

Әлемде жаңа әлеуметтік желі пайда болды

Сонымен қатар жоба тек жеке инвесторлардың қаржысына құрылған.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Еуропада америкалық ІТ-алыптарына балама болатын жаңа W әлеуметтік желісі іске қосылды. Оның бета-нұсқасы пайдалануға берілді. Еуропалық комиссия платформаға ресми түрде қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Швецияда құрылған W әлеуметтік желісінің басты ерекшелігі – тек расталған пайдаланушыларға ғана қолжетімді болуы. Тіркелу үшін қолданушылар жеке басын нақты аты-жөнімен немесе төлқұжат не жеке куәлік арқылы арнайы W Identity жүйесінде растауы қажет.

Осылайша әзірлеушілер боттар мен жалған аккаунттардың санын азайтып, пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуді көздейді. Компанияның мәліметінше, платформадағы барлық дерек Еуропада орналасқан серверлерде сақталып, Еуроодақтың дербес деректерді қорғау талаптарына сәйкес өңделеді. Сонымен қатар жоба тек жеке инвесторлардың қаржысына құрылған.

Еурокомиссия бұған дейін интернетте тараған «W әлеуметтік желісін Еуроодақ қаржыландырып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарған. Платформаны қазірдің өзінде Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта пайдаланып жүр.

Жаңа әлеуметтік желінің іске қосылуы Еуропаның технологиялық тәуелсіздікке ұмтылысымен тұспа-тұс келді. Соңғы жылдары Еуроодақ америкалық Big Tech компанияларына тәуелділікті азайтып, жеке деректерді қорғауға басымдық беріп келеді. Осы мақсатта Еуропада Bulle, Eurosky, Monnett және eYou сияқты бірнеше балама әлеуметтік платформа да іске қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0