Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан төрт бірдей елді мекенді су басты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тасқын су Дарбаза, Ердәуіт, Ақүй және Жаңаталап ауылдарына дейін жетіп, халықтың шырқын бұзды. Екі ауылда 15 тұрғын үйдің ауласын мен 6 көшені қызыл су басып, тұрғындар әбігерге түсті. Жағдайды реттеу үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Ма мамандар арнайы техника мен мотопомпаларды іске қосып, аулаларға толысқан суды сыртқа сорғылап жатыр. Жинап алынған тасқын су Бас арық арқылы Сарыүйсін каналына бағытталды.