Мәселелі жобалардың үлесі 8 пайызға жеткенін ол пандемия, құрғақшылық және электр энергиясының қымбаттауымен түсіндірмек болды.
«Бәйтерек» холдингі өз штаты мен топ-менеджментін қысқартудан бас тартып отырғандай. Басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов жаңа бөлімшелерді ішкі резерв есебінен аштық деп ақталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мәселелі жобалардың үлесі 8 пайызға жеткенін ол пандемия, құрғақшылық және электр энергиясының қымбаттауымен түсіндірмек болды. Ал «Самұрық-Қазына» Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін әкімшілік персоналды белсенді түрде қысқартқан еді.
Алайда «Бәйтерек» басшылығы халық қаржысына отырған маңдайалды шенеуніктерін сақтап қалуды жөн көріпті. Мұндай қадам Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудан қарағанда, жылы орындарды сақтау маңыздырақ болғанын көрсетеді.