$ 473.4  539.39  6.07

Коммуналдық төлемдерді бақылаудың жаңа жүйесі енгізілмек

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 Алдымен көпқабатты үйлерге ортақ есептеуіш аппараттар орнатылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді. Көпқабатты үйлердің тұрғындары жиі кездестіретін «коммуналдық төлем неге сәйкес келмейді?» немесе «артық ақша жазылып кеткен бе?» деген сұрақтар шешімін табуы мүмкін. Өйткені Үкімет коммуналдық салаға цифрлық бақылау орнатпақ. Бұл халыққа не береді?

Ортақ есептеуіштер орнатылады: Алғашқы кезеңде көпқабатты үйлердің астына (подвалға) бүкіл үйдің тұтынуын көрсететін ортақ аспаптар қойылады. Оны тұрғындар емес, монополиялық компаниялар өз есебінен орнатады.

Барлық дерек бір жерде жиналады: Кімнің қанша су, жылу немесе жарық жұмсағаны автоматты түрде бірыңғай жүйеге түседі. Оны ешкім қолдан өзгерте алмайды, бәрі ашық болады. Ақаулар тез жойылады: Жүйе қай жерде қуат жетпей жатқанын немесе қай жерде ысырап болып жатқанын бірден көрсетіп отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0