29.07.2026, 22:30

Сұлтан Сүлеймен Қазақстанға келеді

Фото: курсив

Танымал өнер иесімен шығармашылық фан-кездесу 14 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайы өтеді.

«Сұлтан Сүлеймен» телехикаясындағы басты рөлі арқылы әлемге танылып, миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленген түрік актері Халит Эргенч Қазақстанға келмек, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал өнер иесімен шығармашылық фан-кездесу 14 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайы өтеді.

Актер қазақстандық жанкүйерлеріне арнайы бейнеүндеу жолдап, алдағы кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

«Сәлем, Қазақстан! 14 қыркүйек сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында кездесеміз. Тағатсыздана күтемін. Кездескенше!» – деді ол.

Кездесу барысында көрермендер Халит Эргенчпен еркін форматта сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, кино әлеміндегі тәжірибесі мен өміріндегі қызықты оқиғалар туралы біле алады.

Кештің музыкалық бөлігінде Symphosaz этно-симфониялық оркестрі өнер көрсетіп, көрермендерге танымал түрік телехикаяларының сүйікті саундтректерін орындайды.