$ 474.63  544.5  5.92

Петропавлдағы 8 кіреберісті үй іріп-шіріп жатыр: Халықты ашыған сүт пен майдың сасық иісі улап жатыр

Жергілікті сантехник подвалдағы тесікті пластик құбырдың сынығымен бекітіп қойғанын, оны суырып алса су фонтан болып атылатынын көрсетеді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Петропавлдағы 8 кіреберісті, 5 қабатты тұрғын үйдің астын белгісіз сұйықтық басып, іргетасын шірітіп жатыр. Сүт түстес бұл лай судан шыққан ашыған сүт пен сасыған майдың қолқаны қабатын иісі кіреберістер мен пәтерлерге дейін тараған.

Жергілікті сантехник подвалдағы тесікті пластик құбырдың сынығымен бекітіп қойғанын, оны суырып алса су фонтан болып атылатынын көрсетеді. Тұрғындар бұл жағдайға жақын маңдағы май-сыр базасын айыптап, кәсіпорын өндірістік қалдықтарын қалалық канализацияға заңсыз ағызып отыр деп есептейді. Жауапты мекемелер мен тиісті қызметтер әлі күнге дейін нақты шара қолданбай, мәселені шешусіз қалдырған. Салдарынан үй іштен шіріп, тұрғындар күн сайын сұмдық антисанитария шартында өмір сүруге мәжбүр.

Видео: @halyqstan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0