$ 474.63  544.5  5.92

Балқаштағы көл жағасы қоқыс полигонына айналып барады

Экологиялық жауапкершілікті өзгеден емес, ең алдымен өзімізден бастайтын уақыт жетті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Балқаш көлінің жағасында заңсыз төгілген қоқыс полигоны пайда болып, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ашық аспан астында шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтардан табиғатқа зор кесірі тиіп жатқаны видеодан анық көрінеді.

Демалыс аймағына айналуы тиіс бірегей аумақтың осындай күйге түсуіне жергілікті тұрғындар мен демалушылардың жауапсыздығы себеп. Жағдайға куә болғандар бұл жерлерді жеке меншікке беріп, бақылауды күшейтпесе, экологиялық апаттың алдын алу мүмкін емес екенін айтуда. Билік тарапынан нақты бақылау мен айыппұл салу жүйесі жоқ жерде мұндай бейбастақсыздық тыйылмайтыны анық. Экологиялық жауапкершілікті өзгеден емес, ең алдымен өзімізден бастайтын уақыт жетті.

Видео: @kar.ivibes

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0