$ 473.59  544.68  5.94

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт Есіл өзеніне секіремін деп көз жұмды.

Оқиға 30 шілде күні болған.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Ақмола облысының Есіл ауданындағы Калачи ауылы маңында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Солтүстік Қазақстан облысынан келген 20 жастағы жігіттің мәйіті іздестіру жұмыстары барысында судан табылды.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметінше, оқиға 30 шілде күні болған. Жас жігіт биік жардан суға секірген. Болжам бойынша, суға түсу кезінде ол су астындағы тасқа басын соғып, есінен танып қалған. Кейін оны өзен ағысы алып кеткен.

Оқиға орнында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде марқұмның денесі бүгін оқиға болған жерден шамамен 200-250 метр қашықтықтан табылды.

Төтенше жағдайлар департаменті аталған аумақтың шомылуға рұқсат етілмеген орын екенін еске салды. Мамандар азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, арнайы жабдықталған жағажайларда ғана суға түсуге және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0