$ 473.59  544.68  5.94

«Балалар алаңы жекеменшік пе?»: Өскеменде халыққа ортақ ауланы құлыптап тастаған

Оған қоса, ортақ автотұрақты да қоршап, тек өзінің және жақындарының көліктеріне ғана орын дайындап қойған.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Өскемен қаласындағы 30-шы гвардиялық дивизия көшесі, 18-үй тұрғындары балалар алаңына кіре алмай шаршағандарын айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үй ағасы (старшая дома) көпшілікке ортақ ойын алаңын құлыптап, балалардың ойнауын өз бетінше шектеп тастаған. Алаң тек ол кісінің рұқсатымен сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін ғана ашылады екен. Оған қоса, ортақ автотұрақты да қоршап, тек өзінің және жақындарының көліктеріне ғана орын дайындап қойған.

Тұрғындар жергілікті полиция мен қала әкімдігінен бұл өзбырлықтың заңды-заңсыздығын тексеруді талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0