Құтқарушылар ер адамды судан жедел шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
44 жастағы ер адам Нью-Йорктегі Бруклин көпірінің мұнараларының біріне шығып, бірнеше туды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын ілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, ер адам көпір құрылымының үстінде біраз уақыт болып, осы кезде онымен төтенше жағдай қызметінің мамандары келіссөз жүргізген. Кейін ол киімін шешіп, өзенге секірген.
Құтқарушылар ер адамды судан жедел шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Ол ауруханаға жеткізілген, қазіргі жағдайы тұрақты.
Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Ер адамның жанынан жеке басын куәландыратын құжаттар табылмағандықтан, оның кім екені әзір анықталған жоқ. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.