$ 473.59  544.68  5.94

Қазақстан халқы 20,6 миллионға жуықтады

Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 20 590 589 адамды құрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 20 590 589 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың саны 90 767 адамға артқан.

Халық саны Алматы қаласында — 2 373 772 адамға және Түркістан облысында — 2 145 680 адамға жетіп, 2 миллионнан асты. (Бұл ретте жыл басынан бері Түркістан облысының халқы 3 525 адамға азайған.) 1 миллионнан астам қазақстандық тұратын өңірлер: ·       

Астана қаласы — 1 682 721 адам; ·       

Алматы облысы — 1 612 393 адам; ·       

Шымкент қаласы — 1 310 681 адам; ·       

Жамбыл облысы — 1 212 698 адам; ·       

Қарағанды облысы — 1 130 377 адам.

Халық саны ең аз өңірлер: ·       

Ұлытау облысы — 218 015 адам; ·       
Солтүстік Қазақстан облысы — 511 982 адам; ·      
Абай облысы — 592 895 адам.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан қалаларында 13 190 585 қазақстандық тұрған (саны 105 475 адамға артқан), ал ауылдық жерлерде 7 400 004 қазақстандық тұрған (саны 14 708 адамға азайған).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0