$ 475.38  547.73  5.93

Ақтөбедегі концерттен кейінгі масқара: Кінә әкімдікте ме, әлде мәдениетсіз жұртта ма?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбеде өткен бұқаралық шарадан соң көшеде шашылып қалған қоқыс пен тұрғындардың мәдениетсіздігі әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Концерт кезінде жастар ішімдік пен шырын стақандарын аяқ астына тастап, ескерту жасағандарды елеңге де қыстырмаған. Кешкі серуенге шыққан жұрттың артында қалған шашырандыны көрген желі қолданушылары тұрғындардың тазалық сақтау жауапкершілігіне шүбә келтіруде.

Осы орайда, халық жиналатын аумақтарда қоқыс жәшіктерін жеткілікті деңгейде орнатпаған жергілікті әкімдіктің де салғырттығы анық байқалады. Мәдениеттілік өз үйіңнен басталғанымен, қаладағы тазалық пен тәртіпті ұйымдастыру — тікелей жергілікті биліктің міндеті. Сонымен, көшенің қоқысқа толуына кім айыпты: тәрбиесіз жастар ма, әлде жұмысты реттей алмаған әкімдік пе?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0