$ 475.38  547.73  5.93

Көкшетаудағы СИЗО-да сұмдық жағдай: Қамаудағылардың тамағы мен ауызсуы талапқа сай емес пе?

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

 

Көкшетау қаласындағы №65 тергеу изоляторында ұсталып отырған азаматтардан кезекті бейнеүндеу тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видео авторы мекемеде таза ауызсудың жоқтығын және ең төменгі тамақтану нормалары сақталмай отырғанын айтып дабыл қағуда. Желіде тараған бұл кадрлар оқырмандардың қатаң сын-ескертпесін тудырып, қоғамда үлкен талқыға түсті. Бейнежазбаны жариялағандар Бас прокуратурадан, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен және Ақмола облыстық прокуратурасынан бұл фактілерді шұғыл тексеруді талап етуде. Сонымен бірге, шағым түсірген азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мән-жайға заңды баға беруді сұрайды. Қазірше жауапты құзырлы органдар тарапынан бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0