Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Ресейдегі шабуылдар салдарынан зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлердің шығын көлемі әлі белгісіз, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда шығын көлемін дәл анықтау мүмкін болмай отыр.
«Бүгінгі таңда нақты цифрлар жоқ. Бұл ақпарат тек бізде емес, сауда алаңының өзінде (Wildberries) де жоқ деп ойлаймын. Өйткені жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Соған байланысты дәл қазіргі уақытта нақты деректер айта алмаймыз», – деді Арман Шаққалиев.
Сонымен қатар, ведомство басшысы әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сенбеуді ескертті:
«Әлеуметтік желілерде шығын көлемі мен мөлшерін сенімді түрде айтып жатқан дереккөздерге сенбеуге кеңес беремін. Мұндай ауқымды оқиғалар мұқият тергеуді және есепке алуды талап етеді. Тек ресми дереккөздер, соның ішінде маркетплейстің өзі ғана тексерілген әрі кепілді ақпарат бере алады», – деп атап өтті министр.