$ 475.38  547.73  5.93

Кипрде қазақстандық бойжеткенді пышақтап кетті

Kriminal_kazakhstan мәліметінше, бойжеткеннің жағдайы өте ауыр.

Фото:  Kyn.kz
Фото: Kyn.kz

Солтүстік Кипрдің Никосия қаласында Қазақстанның 22 жастағы азаматшасы Жанерке Әбдіразақоваға пышақпен шабуыл жасалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Kriminal_kazakhstan мәліметінше, бойжеткеннің жағдайы өте ауыр.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, оқиға 3 тамыз күні шамамен сағат 11:45-те Metropol Market супермаркетінде болған. Белгісіз ер адам қызға пышақ жарақатын салғаннан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

Зардап шеккен қыз бен күдікті доктор Бурхан Налбантоглу атындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді. Қазір екеуі де дәрігерлердің бақылауында.

Жергілікті БАҚ-тың кейбірі күдікті бойжеткеннің бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін жазды. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Құқық қорғау органдары шабуылдың мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0