Жұлдыз Мырзәли жалған аккаунттар арқылы пікір қалдырып жүрген желі қолданушыларына ескерту жасады.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің қазіргі жары Жұлдыз Мырзәли әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, қазір өзіне және отбасына қатысты жарияланған жазбалар, пікірлер, скриншоттар мен бейнематериалдар жиналып жатыр. Бұл материалдар алдағы уақытта сотта дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін.
«Бізге қатысты айтылған қорлау, жала жабу және негізсіз айыптаулардың барлығы заңгерлер мен тиісті мамандардың қарауына беріледі. Үндемей жүргеніміз – кінәмізді мойындағанымыз емес. Қажетті дәлелдерді жинап жатырмыз», – деді ол.
Сондай-ақ Жұлдыз Мырзәли жалған аккаунттар арқылы пікір қалдырып жүрген желі қолданушыларына ескерту жасады.
«Әр адам өз сөзі мен әрекеті үшін заң алдында жауап береді. Жалған аккаунт ашқандарыңыз біз сіздерді анықтай алмаймыз дегенді білдірмейді. Біз бұл жұмысты енді ғана бастадық. Әркім өз ісіне сай жауап береді», – деп жазды ол.