$ 475.38  547.73  5.93

«Әйелдерді кемсітуі жат»: Ерлан Карин тойдағы уағызға сын айтты

Ол видеодағы айтылған сөздердің ұлттық құндылықтар мен Қазақстанның зайырлы қағидаттарына қайшы екенін айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Әлеуметтік желіде тойда айтылған ерсі уағызға қатысты пікірталасқа Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол видеодағы айтылған сөздердің ұлттық құндылықтар мен Қазақстанның зайырлы қағидаттарына қайшы екенін айтты.

«Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады», – деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қарин өнер мен мәдениетті дінге қарсы қоюды асыра сілтеушілік деп бағалап, мемлекеттің ұстанымы білім мен ғылымды, өнер мен мәдениетті дамытуға негізделгенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0