$ 475.38  547.73  5.93

Солтүстік Кипрде зардап шеккен қыз Қырғызстан азаматы  болып шықты

Еске сала кетсек, Солтүстік Кипрде 22 жастағы бойжеткен пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Солтүстік Кипрде пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен 22 жастағы бойжеткеннің Қазақстан азаматы еместігі анықталды, деп хабарлайды «24KZ». 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен қыз Қазақстанда туғанымен, Қырғыз Республикасының азаматтығын алған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиғада зардап шеккен азаматқа қатысты келесіні хабарлайды. Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шеккен азаматтың Қазақстанда туғаны, алайда оның Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды, – деп жазылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, Солтүстік Кипрде 22 жастағы бойжеткен пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам белгісіз себеппен әйелді пышақтап өлтіруге әрекеттенген. Шабуылдан кейін күдікті өзіне де қол салған. Кейінірек, оның жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны және жағдайы өте ауыр екені, тіпті өміріне қауіп төніп тұрғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0