$ 471.98  543.39  5.82

«Ақтөбеде мемлекеттік аурухананың құжаттары далада шашылып жатыр»: Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?

Осы оқиғадан кейін полиция қызметкерлері мемлекеттік аурухананың үстінен әкімшілік хаттама толтырды.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде №2 қалалық ауруханасының қоқысын қала сыртына заңсыз төгіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті белсенді тұрғындар ашық далада жатқан қоқыстардың арасынан ауруханаға тиесілі құжаттарды тауып алған. Осы оқиғадан кейін полиция қызметкерлері мемлекеттік аурухананың үстінен әкімшілік хаттама толтырды.

Шудан кейін аурухана әкімшілігі заңсыз төгілген қоқыс аумағын өз күшімен жинап, тазалауға мәжбүр болды.

Ал Денсаулық сақтау басқармасы анықталған қағаздар «Пригородный» дәрігерлік амбулаториясында тәжірибеден өтуші студенттердің дәптерлері екенін және науқастардың дербес деректері сыртқа тарамайын айтып, ақталды. Соған қарамастан, мемлекеттік мекеменің қоқысты далаға төгуі тұрғындардың ашу-ызасын туғызып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0