$ 467.48  539.52  5.73

«Үнсіз қала алмаймын»: прокурор Айжан Аймағанова әйелдерді кемсітуге қатысты мәлімдеме жасады

Ол соңғы күндері әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан бұл мәселеге бейжай қарай алмайтынын атап өтті.

Фото: TengriNews
Фото: TengriNews

Прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерді кемсітуге және қоғамда ерлер мен әйелдерді бір-біріне қарсы қоюға бағытталған пікірлерге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол соңғы күндері әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан бұл мәселеге бейжай қарай алмайтынын атап өтті.

«Үнсіз қала алмаймын. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде әйелдерді кемсітуге, ерлер мен әйелдерді бір-біріне қарсы қоюға үндейтін пікірлер қызу талқыланып жатыр. Бұл мені бейжай қалдырмады.

Қазақстан – демократиялық, зайырлы әрі құқықтық мемлекет. Ар-ождан және діни сенім бостандығы – әр адамның негізгі құқықтарының бірі.

Әйел – тек ана, қыз немесе әпке-қарындас қана емес. Ол – дәрігер, ұстаз, ғалым, кәсіпкер, әскери қызметші, мемлекеттік қызметші. Ол бала тәрбиелейді, отбасының берекесін қалыптастырады, экономиканың дамуына үлес қосады, мемлекетке қызмет етеді және ер азаматтармен бірге еліміздің болашағына ортақ жауапкершілік арқалайды.

Сондықтан әйелге деген құрмет – белгілі бір көзқарастың немесе дәстүрдің мәселесі емес. Бұл – адамға деген құрметтің көрінісі. Ал адамға құрмет көрсету – Конституциямыздың негізгі қағидаттарының бірі», – деп жазды Айжан Аймағанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0