$ 467.48  539.52  5.73

«Pin Up дауы»: Тағы бір танымал блогерге іздеу жарияланды

Құқық қорғау органдары іздеп жатқан азамат – 26 жастағы Махмуд Хикматов.

фото: bet24.kz
фото: bet24.kz

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғау органдары іздеп жатқан азамат – 26 жастағы Махмуд Хикматов. Оған іздеу жарияланғанына үш айдан астам уақыт болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған онлайн-казино платформасына ойыншылар тартумен айналысқан болуы мүмкін. Сонымен қатар аталған ойын платформасы әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың қатысуымен жарнамаланғаны айтылып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Хикматов блогерлермен байланыс орнатып, оларды онлайн-казиноны жарнамалауға тартуға ықпал еткен болуы мүмкін.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Блогердің Қазақстаннан тыс жерде жүргені белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0