07.08.2026, 19:00

Президент Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Фото: Ақорда

Президент өз құттықтауында Қызылжар өңірінің даму жолына тоқталып, облыстың ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы жетістіктерін атап өтті.

Мемлекет басшысының Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент өз құттықтауында Қызылжар өңірінің даму жолына тоқталып, облыстың ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы жетістіктерін атап өтті.

"Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан еліміздің астықты аймағының бірі саналады. Дихандарымыз егіншілік кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор еңбек сіңіріп жүр. Аймақта ауыл шаруашылығымен қатар өңдеу өнеркәсібі, машина жасау салалары қарқынды дамып келеді. Инвестициялық жобалар қолға алынып, өндіріс орындары іске қосылды. Мұның бәрі халықтың тұрмысын жақсартып, өңірдің одан әрі өркендеуіне ықпал ететіні анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстаннан елге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен әдебиет өкілдері, еңбек ардагерлері, спортшылар мен құқық қорғау саласының мамандары шыққанын атап өтті.

"Бұл өңірде күрделі кезеңде ел бірлігін сақтап, даналық пен көрегендік символына айналған әйгілі Абылай ханның ізі қалған. Солтүстік Қазақстаннан халқымызға, сондай-ақ бүкіл әлемге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен әдебиет саласының аса көрнекті өкілдері, еңбек ардагерлері, көптеген құрметті тұлғалар, әйгілі спортшылар мен құқық қорғау саласының білікті мамандары шықты", – деді Президент.