Жаңа адамдардың бастамалары азаматтық белсенділіктің халықаралық деңгейге көтеріліп, мемлекеттерді ортақ табиғи мұраны сақтауға біріктіре алатынын көрсетеді.
6–12 тамыз аралығында Ақтауда Каспий маңындағы елдерді – Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанды біріктірген Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығы өтуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жаңа адамдардың AntiTrash Азаматтық науқаны бірнеше жыл бойы экология мен Каспий теңізін сақтау мәселелерін жүйелі түрде көтеріп келеді. Биыл Қозғалыс өз бағдарламасымен Caspian Sea Action Week 2026 іс-шарасына қатысты.
Осыған дейін Жаңа адамдар халықаралық RES2026 экологиялық саммитіне қатысып, нәтижесінде Caspian Sea Action Week 2026 өткізу туралы халықаралық меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Қозғалыс Каспийді сақтаймыз бастамасын іске қосып, оны Бакуде өткен WUF13 дүниежүзілік форумында таныстырды.
Жаңа адамдардың бастамалары азаматтық белсенділіктің халықаралық деңгейге көтеріліп, мемлекеттерді ортақ табиғи мұраны сақтауға біріктіре алатынын көрсетеді.