$ 467.48  539.52  5.73

Нұрай Серікбайдың отбасы 10 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етті

Материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 миллион 739 мың 65 теңге.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Қаза болған Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан материалдық әрі моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллиард теңгеден астам өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шымкенттегі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап азаматтық талап арыз түсірді.

Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, бойжеткеннің қазасынан кейін отбасы материалдық шығынға ұшыраған (жерлеу рәсімі, ескерткіш орнату, заңгерлік көмек көрсету және т.б.).

Материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 миллион 739 мың 65 теңге.

Сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап қойылды. Адвокат ешбір ақша Нұрайды қайтарып бере алмайтынын, алайда заңнамада мұндай төлем қарастырылғанын атап өтті.

"Қылмыстың ауырлығын, оның орны толмас зардаптарын, жәбірленушілердің өмір бойғы рухани азабын және әділдік қағидатын ескере отырып, біз моральдық зиянның өтемі ретінде 10 миллиард теңге өндіріп алуды сұраймыз", - деді Аянхан Омаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0